❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

ОҚЫТУШЫМЫЗ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ЖҮЛДЕГЕРІ

  • 21.10.2026
  • KZ
  • 55

image

Университетіміздің Бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Мереке Айдарша Өзбекстанда өткен халықаралық «Кілемдер шұғыласы» (Gilamlar jilosi)  атты кілем көрмесінде II орын иеленді.

Көрменің басты мақсаты – мыңжылдық тарихы бар кілем тоқу өнерін сақтау, дамыту және оны заманауи дизайнмен ұштастыру.

17–18 қазан күндері Хиуа қаласында өткен халықаралық көрмеге Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Иран, Әзербайжан және Түркия сияқты таяу және қиыр шетелдердің де танымал кілем тоқушылары, қолөнершілері, дизайнерлері мен сала ғалымдары қатысты.

Қатысушылар ұлттық кілем тоқу өнерінің озық үлгілерін ұсынып, әртүрлі халықтардың дәстүрлі тоқу мектептерімен, бірегей техникаларымен, ұлттық нақыштары мен ою-өрнектерінің символдық мағыналарын таныстырды.

Көрмеде Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Мереке Айдарша қазақ халқының дәстүрлі кілем тоқу өнерін паш етіп, ұлттық қолөнеріміздің ерекшеліктерін халықаралық деңгейде танытты.

Оқытушымызды құттықтай келе, шығармашылық шабыт пен жаңа белестер тілейміз!