25 қазан Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, Қазақстан!» атты ашық тәрбие сағаты



Ұйымдастырушылар: У. Смагулова, Г. Шукенова
Қатысушылар: Жалпы пәндер бөлімінің басшысы Л. Алимбекова, бөлім оқытушылары және ҚББ-1, ҚБФ-1, ҚБГ-1, ҚБИ-1, ҚБА-1, ҚГБ-1, ҚГФ-1 топтарының тыңдаушылары.
Іс-шараның мазмұны: 25 қазан – Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, Қазақстан!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тыңдаушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының тарихын тереңірек таныту және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында Республика күнінің тарихи маңызы, оның еліміздің тәуелсіздікке бастар жолындағы орны және Қазақстанның даму кезеңдері туралы мазмұнды ақпарат берілді. Сонымен қатар мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның мәні мен маңызы түсіндіріліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау мәселелері кеңінен қозғалды.
Іс-шара барысында Жалпы пәндер бөлімінің басшысы Л. Алимбекова сөз сөйлеп, Отанды сүю – туған жердің тарихын құрметтеу, мемлекеттік тілді қадірлеу, ұлттық құндылықтарды сақтау, ел дамуына үлес қосуға ұмтылу және азаматтық жауапкершілікті сезіну екенін атап өтті. Сондай-ақ тыңдаушыларды сапалы білім алуға, білікті маман болып қалыптасуға, Қазақстанның болашағына бейжай қарамай, ел игілігі жолында адал еңбек етуге шақырды.
Қорытынды: Ашық тәрбие сағаты тыңдаушылардың бойында патриоттық сезімді нығайтуға, ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға және туған елге деген мақтаныш сезімін арттыруға бағытталды. Іс-шара барысында Отанға деген сүйіспеншілік, ел бірлігі мен болашақ алдындағы жауапкершіліктің маңыздылығы айқын көрсетілді.
Мәңгі жаса, Қазақстан! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!