❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

«ТҰРАҚТЫ ЖАСЫЛ КАМПУС» АТТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАРА ӨТТІ

  • 23.10.2026
  • KZ
  • 61

image
Оқу ордамызда Тұрақты даму ғылыми-зерттеу орталығы мен Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Тұрақты жасыл кампус» атты экологиялық іс-шара өтті.
Аталған шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және кампус аумағында тұрақты экологиялық орта қалыптастыру.
Шара барысында студенттер кампустың экологиялық жағдайына қатысты мәселелері мен жасыл аймақтарды сақтау, ағаштарға күтім жасау және жаяу жүргіншілер мен велосипед пайдаланушыларға қолайлы орта қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, «Өз ұстанымыңды таңда» және «Кампус экодетективтері» атты интерактивті ойындарға қатысып, экологиялық мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді.
Мұндай бастамалар жастардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауына ықпал етіп, университет аумағында экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталады.