❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

«AI-СЕЙСЕНБІЛІК»: МЕДИА-КОНТЕНТ ЖАСАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ

  • 27.10.2026
  • KZ
  • 33

image

Университетімізде «AI-Сейсенбілік» бес апталық тәжірибелік марафонының екінші аптасы аясында «Креатив пен медиа: факультетті ілгерілету және талапкерлермен жұмыс» тақырыбында тренинг өтті.

Жиын «Академиялық көшбасшылық» және YASAWI STARTUP инкубациялық бағдарламалары аясында өтті.

Басты мақсат – факультет ұжымына заманауи ЖИ құралдарын пайдалана отырып, маркетингтік және профориентациялық контентті жылдам әрі сапалы жасауды үйрету.

Тәжірибелік сессияға факультет декандары, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері мен кураторлар қатысты.Тренингті Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру секторының үйлестірушісі Абылайхан Тастанбеков жүргізді. 

Ең алдымен,спикер, Google Vids (Flow) жасанды интеллект құралы көмегімен дайын мәтіндер мен материалдар негізінде қысқа фильмдер әзірлеу, кадрларды құрастыру және бейнероликтер жасауды үйретті. Одан әрі мәтіндер мен дайын материалдарды ЖИ-ге жүктеп, дайын кадрлары бар қысқаметражды фильмдер мен бейнероликтер құрастырудың бірнеше жолын таныстырды. 

Сонымен қатар, HeyGen сервисін қолданып, мәтінді виртуалды жүргізушілер арқылы дыбыстауды көрсетті. Бірнеше тілде видео контент дайындап беретін жүйені қолданудың тиімділігін түсіндірді. 

Бұған қоса, Suno платформасында әуен, вокал және музыкалық сүйемелдеу арқылы контент жасаудың тиімді тәсілдерін бөлісті. 

Айта кетейік, марафонның өткен аптадағы сессиясы «Оптикалық иллюзия және қиял бәсекесі» тақырыбына арналды. Сондай-ақ, бүгінгі жиында қатысушылар спикерден жасанды интеллектті қолдана отырып, медиа контент жасауға тапсырма алды. 

Осылайша, «AI-Сейсенбілік» қатысушылары білім беру мен басқару процесінде мультимедиалық мазмұнды жедел әрі сапалы дайындауды меңгерді. Заманауи жасанды интеллект құралдарын қолдану дағдыларын жетілдірді.