❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

УНИВЕРСИТЕТ СЕНАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

  • 30.09.2026
  • KZ
  • 98

image

Оқу ордамызда 2026–2027 оқу жылындағы Сенаттың №2 мәжілісі өтті. Оған Сенат мүшелері мен жауапты құрылым басшылары қатысты.

Мәжіліс мерейтой иелерін құттықтаудан басталды. Университет ректоры Жанар Темірбекова мен ректор өкілі Пейами Баттал университет қызметкерлері Алмагүл Кілемқызын 70 жас, Иманәлі Амангелдіұлын, Ләззат Қасымбекқызын, Бақытгүл Алиевнаны және Гүлмира Сәрсенбайқызын 60 жас, Айгүл Есіркепқызын 50 жас мерейтойларымен құттықтады.

Келесі кезекте бірқатар оқытушы-профессорларға ғылыми атақтары табысталды. Медицина факультетінің деканы Гүлназ Нұсқабаева мен Фазладин Темуровқа медицина ғылымдары бағыты бойынша, Динара Берді мен Нұрсұлтан Нұрдиновқа білім ғылымдары бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Түркі халықтарының зияткерлік ойындары ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Қасымхан Дәуренқұлов «Асық ату қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ Кемал Кантарджы, Экономика, басқару және құқық факультетінің профессоры Гаухар Абасова және Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультетінің профессоры Лайла Алимбекова адал еңбегі мен университет дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Бұдан әрі басқосу ресми форматта жалғасты. Мәжілісте университет ректоры Жанар Темірбекова оқу орнының 2025–2026 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы ұжым және қоғам алдындағы есебінің жобасын ұсынды. Ректор 2026 жылғы 7 қазанда білім беру, ғылым, халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму бағыттарындағы негізгі нәтижелері туралы халық алдында есеп беру жиынын өткізеді.

Академиялық департамент директоры А.Бостанова сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы туралы баяндама жасап, білім беру сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстарды таныстырды.

Сондай-ақ университеттің 2024–2029 жылдарға арналған Даму бағдарламасының 2026 жылдың І жартыжылдығындағы орындалу барысы қаралды. 

Бұдан бөлек, TÜRTEP орталығының «Ақпараттық құқық» және «Жасанды интеллект» диссертациясыз магистратура бағдарламалары пәндерінің ECTS кредиттерін бекіту және «Yassawi Law Journal» журналын ашу жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Мәжіліс қорытындысында күн тәртібіндегі өзге де мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы міндеттер айқындалды.