Табиғатты құрметтеу – болашаққа деген жауапкершілігіміз.



Табиғатты құрметтеу – болашаққа деген жауапкершілігіміз. Қоршаған ортаны таза ұстау, ағаштарды қорғау, қоқысты жерге тастамау – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Заң факультетінің 2-курс, Құқық қорғау қызметі мамандығының 512 тобы кураторымыз Мергенбаев Ержанның жетекшілігімен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікті арттыру мақсатында экосағат өткізді.
Табиғатты аялау – туған жерге деген сүйіспеншіліктің белгісі. Тазалықты сақтау – баршамызға ортақ міндет!