❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

«ЖҮРЕКТІҢ ӨЗІ ӨЛЕҢ: БІР АСПАН АСТЫНДА» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

  • 28.10.2026
  • KZ
  • 102

image

Университетімізде «Жүректің өзі өлең: Бір аспан астында» атты шығармашылық кеш өтті.

Рухани-мәдени шараны Медиа және PR орталығы және Шаңырақ клубтар координациясына қарасты «Ясауи медиа» клубы ұйымдастырды.

Кеште белсенді студенттер музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен танымал әндерді орындады. Ал, студент жастар түркі дүниесінің әуезді әндерін қосыла шырқады.

Осылайша күздің салқын кешінде ашық аспан астында жылы әрі жайлы атмосфера қалыптасты.

Шығармашылық кеш жастардың өнерге қызығушылығын арттырып, поэзия мен ән арқылы рухани байланыс орнатуға мүмкіндік берді.