ОҚУ ОРНЫМЫЗДЫҢ СТУДЕНТІ МЕН ТҮЛЕГІ — АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ



Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Ахмет Ясауи университетінің студенті мен түлегі Қазақстан намысын қорғап, ел қоржынына жүлде салды.
Атап айтқанда, оқу орнымыздың студенті Нилуфар Раймова әйелдер күресінен қола жүлдеге ие болды.
57 келі салмақта белдескен Нилуфар құрлық додасының жүлдегерлері қатарынан көрінді.
Сондай-ақ, Азия ойындарында университет түлегі Айдар Арапов та жүлдеге қол жеткізді. Дзюдодан -90 келі салмақта татамиге шыққан спортшы аралас командалық жарыста күміс медаль жеңіп алды.
Осылайша, оқу орнымыздың студенті мен түлегі 2026 жылғы Азия ойындарында жүлдеге қол жеткізіп, ел намысын абыроймен қорғады.
Нилуфар мен Айдардың жеңісі құтты болсын???????? Алдағы байрақты бәсекелерде де биік белестерден көріне беріңіздер!