❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

«Тіл. Қоғам. Уақыт» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

  • 03.09.2026
  • KZ
  • 34

image

03.09.2026 ж Филология факультеті Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институтымен бірлескен «ТІЛ. ҚОҒАМ. УАҚЫТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ғылыми-әдістемелік конференция ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның және өзге де елдердің мәдени жаңғыру үдерісіндегі тіл, қоғам және уақыт арақатынасының даму қарқынын талқылау. Түркі тілдеріне ұлттық бірегейліктің, тарихи-лингвистикалық және эпикалық дәстүрдің негізі ретінде, сондай-ақ өзге тілдер мен әдебиеттердің түркітілдес елдердегі қазіргі әлеуметтік-мәдени үдерістердегі рөліне баса назар аударылады. Т.ғ.к., профессор, ХАА академигі, ҚХА мүшесі, ҚХА ҒЭГ мүшесі, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессоры (Қазақстан, Алматы қ.)- М.Ж. ШАЙМЕРДЕНОВА., Сібір федералды университеті Экономика, мемлекеттік басқару және қаржы институтының Мінез-құлық экономикасы және коммуникацияларды дамыту ғылыми-оқыту лабораториясының профессоры, , ф.ғ. к- В. А.РАЗУМОВСКАЯ, Ресей Аудармашылар одағының (РАО) Красноярск аймақтық бөлімінің басшысы (Ресей Федерациясы, Красноярск қ.). - В. Д. НАРОЖНАЯ, ф.ғ. д. профессор.