❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Академиялық ұтқырлық пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту

  • 21.09.2026
  • KZ
  • 40

image

6B01724 — «Орыс тілінде және орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» (IP) бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің 9 студенті күзгі семестрде білім алу үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне келді.

Оқу кезеңінде студенттер білім беру үдерісіне қатысып, бейіндік пәндерді меңгеруді жалғастырады, сондай-ақ университеттің академиялық және мәдени ортасымен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, академиялық ұтқырлықты дамытуға және студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Студенттерге сәтті семестр, нәтижелі оқу, жаңа кәсіби білім мен жағымды әсерлер тілейміз!