❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық

  • 26.10.2026
  • KZ
  • 112

image

2026 жылғы 12–26 қазан аралығында кафедрамыздың оқытушылары — филология ғылымдарының кандидаты Бейсембаева Салтанат Байгазыновна және доцент Байтуова Айгүл Назировна Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтында академиялық ұтқырлық бағдарламасынан өтті.

Сапар барысында оқытушылар «Филология және тілдерді оқыту (орыс тілі)» білім беру бағдарламасының студенттеріне дәріс өткізіп, кәсіби тәжірибелерімен және заманауи оқыту әдістерімен бөлісті.

2026 жылғы 19 қазанда филолог-оқытушыларға арналған «Жоғары білім берудегі оқыту сапасын арттыру: заманауи педагогикалық тәсілдер, инновациялық әдістер және тиімді стратегиялар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Академиялық ұтқырлық халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға, педагогикалық тәжірибе алмасуға және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті.