Университетімізде «Тілім — тұғырым» атты танымдық іс-шара өтті.



Ана тілі — біздің басты байлығымыз, ұлттық сәйкестігіміздің негізі әрі рухымыздың биік тұғыры! Мерекелік іс-шара мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, жастардың бойында отансүйгіштік сезімді, тілдік мәдениетті және ана тіліне деген шексіз құрметті дәріптеуге арналды. Студенттер сабақ барысында ана тіліміздің тарихы, ғылым мен білімдегі орны, заманауи медиа кеңістіктегі рөлі мен даму болашағы туралы сөз қозғап, өздерінің салмақты пікірлерін ортаға салды.
Іс-шараның басты мақсаты — болашақ мамандардың бойына ана тілінің қадір-қасиетін, ұлттық құндылықтар мен сүйіспеншілікті сіңіру, сондай-ақ академиялық ортада қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, тіл тазалығын сақтау. Іс-шара Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының ФҚӘ-611 А,Б,Ғ топтары және ФҚФ-611 тобы, топ кураторлары: Бейсенова Н., Оспанова А., Махал С. ұйымдастыруымен жүргізілді.