СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ БҮГІНГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН АЛДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАРЫ



Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің миссиясы – Қожа Ахмет Ясауидің іліміне сүйене отырып, академиялық принциптерге сай түркі әлемінде алдыңғы қатарлы, білікті және жаңашыл тұлғаларды тәрбиелеу. Осы миссияны негізге алған Спорт факультеті білім, ғылым және спортты ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
«Turkistan» телеарнасының «Жаңа толқын» бағдарламасында Спорт факультетінің бүгінгі тыныс-тіршілігі, жетістіктері мен алдағы стратегиялық жоспарлары туралы жаңалықтармен бөлісті.
Бағдарлама барысында 2026–2027 оқу жылында факультетке қабылданған білім алушылардың нәтижелері, мемлекеттік білім беру грантымен оқуға түскен талапкерлер санының артуы, студенттердің оқу және спорттағы жетістіктері туралы айтылды.
Сонымен қатар докторантураға оқуға түсіп, ғылыми ізденістерін жалғастырып жатқан әріптестердің жетістіктеріне тоқталды.
Университеттің даму стратегиясына сәйкес білім беру сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру, түлектердің жұмыспен қамтылуы мен кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ жоғары жетістіктер спортымен айналысатын білім алушыларға университет тарапынан көрсетілетін қолдау, олардың оқу мен кәсіби спортты қатар алып жүруіне жасалған мүмкіндіктер туралы айтты.
Факультеттің маңызды бағыттарының бірі – ғылым мен білімнің интеграциясы. Осы орайда спорт ғылымын дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелеу, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды ғылымға тарту, жас ғалымдарды қолдау және жаңа зерттеу бағыттарын қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ факультеттің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, қоғамдық-тәрбиелік іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру және жастардың кәсіби құндылықтарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар туралы мәлімет берді.
«Turkistan» телеарнасының ұжымына шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, әрдайым жақсы жаңалықтардың жаршысы бола беріңіздер!