❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

УНИВЕРСИТЕТ КЛИНИКАСЫ ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУДІҢ ЖОҒАРЫ САНАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

  • 03.11.2026
  • KZ
  • 57

image
Оқу орнымызға қарасты Клиника-диагностикалық орталығы ұлттық аккредиттеуден сәтті өтіп, үш жыл мерзімге жоғары санатқа ие болды.
Сыртқы кешенді бағалау 2026 жылғы 19–21 қазан аралығындажүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Денсаулықсақтаудағы сапа және аккредиттеу институты орталыққа жоғарысанат беру туралы шешім қабылдады. 2026 жылғы 30 қазандатабысталған куәлік клиника қызметінің ҚазақстанРеспубликасының денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеустандарттарына сәйкес екенін растайды.
Бұл жетістік – клиника ұжымының жүйелі жұмысы мен кәсібилігінің, сонымен қатар өз істеріне деген жауапкершілігінің нәтижесі. Университетіміз үшін де маңыздыбелес. Жоғары санат медициналық қызмет сапасының, пациент қауіпсіздігінің және клиникадағы басқару үдерістерінің белгіленген талаптарға сай екенін көрсетеді.
Университет үшін Клиника-диагностикалық орталығының дамуы білім, ғылым және медициналық тәжірибені өзара ұштастыру тұрғысынан айрықша мәнге ие. Мұнда болашақ дәрігерлер теориялық білімін тәжірибемен толықтырып, кәсіби жауапкершілікті, пациентке құрметпен қарауды және қауіпсіз медициналық көмек көрсету мәдениетін меңгереді.
Аккредиттеу нәтижесі клиниканың сапалы медициналық қызмет көрсету бағытындағы жұмысын одан әрі нығайтып, университеттің білім мен ғылымды қоғам игілігіне бағыттау жөніндегі миссиясын жүзеге асыруға серпін береді.
Клиникамыздың жарқын жетістіктің артында дәрігерлердің, орта және кіші медицина қызметкерлерінің, әкімшілік және техникалық мамандардың күнделікті адал еңбегі, сондай-ақ университет басшылығының тұрақты қолдауы тұр. Сондықтан аккредиттеуден өтіп, жоғары санатты алу – әрбір қызметкердің үлесі бар ортақ табыс.
Осы жетістік жолында қолдау көрсеткен және еңбек еткен университет басшылығын, Клиника-диагностикалық орталығымыздың барша ұжымын және аккредиттеу кезеңіне дейінгі дайындық жұмыстарын бақылауға алып, сапа бойынша жетекшілік еткен жауапты мамандарды шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болып, университет пен өңір тұрғындарының игілігі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!