❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

«Ұстазға мың тағзым – болашаққа мың үміт»

  • 05.10.2026
  • KZ
  • 70

image

5 қазан – Дүниежүзілік ұстаздар күніне арналған «Ұстазға мың тағзым – болашаққа мың үміт» атты мерекелік іс-шараны ФҚӘ-411 А.Б тобы және Г.Абиханова ұйымдастырған ашық сабақ өткізілді.

 

Ұстаз – ұлттың ұлы шамшырағы, болашақтың бағдаршамы. Адам баласының санасына сәуле түсіріп, қараңғыны жарық қылатын, білім мен тәрбиенің қайнар бұлағын санаға құятын қасиетті мамандық иелерінің орны әрқашан төрінде. Ол – жас ұрпаққа терең білім беріп қана қоймай, олардың жүрегіне ізгілік ұялатып, өмір жолында адаспай тура бағыт табуға бағдар беретін кемеңгер тұлға. Бұл ашық сабақ өскелең ұрпаққа ұстаз еңбегінің қаншалықты қадірлі әрі жауапты екенін ұғындыру, олардың бойында үлкенге деген құрмет, ұстазға деген ізет пен алғыс сезімін ояту мақсатында өткізілді. Сабақ барысында шәкірттердің ұстаз туралы ой-толғамдары тыңдалып, шығармашылық жұмыстар мен жүрекжарды лебіздер ортаға салынды.