❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

QS ASIA 2027 РЕЙТИНГІ: ОҚУ ОРНЫМЫЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОП-10 УНИВЕРСИТЕТІ ҚАТАРЫНДА

  • 04.11.2026
  • KZ
  • 41

image

Оқу орнымыз QS Asia University Rankings 2027 халықаралық рейтингінде Азия бойынша 227-орынға, Қазақстан университеттері арасында 9-орынға ие болды. Осылайша, университет Азияның үздік 250 жоғары оқу орнының қатарындағы орнын сақтап қалды.

QS Quacquarelli Symonds халықаралық агенттігі рейтинг нәтижелерін 2026 жылғы 3 қарашада жариялады. Биылғы рейтингке Азияның 26 елі мен аумағынан 1722 жоғары оқу орны енді. Оның ішінде Қазақстанның 51 университеті бар.

Рейтинг нәтижелері жоғары оқу орындарының академиялық және ғылыми әлеуетін, халықаралық деңгейдегі танымалдығын бағалайтын 11 негізгі көрсеткіш негізінде анықталды. Атап айтқанда, академиялық орта мен жұмыс берушілердің пікірі, ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі, оқытушылар мен студенттер арақатынасы, халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық көрсеткіштері ескерілді.

Бұл нәтиже – университеттің білім беру сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайту және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының көрсеткіші.

Ясауи университеті алдағы уақытта да халықаралық білім кеңістігіндегі позициясын нығайтып, білім мен ғылым саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруды жалғастырады.