ОРДУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІМІЗДЕ



Факультетімізге Түркия Республикасының Орду университетінің ректоры, профессор Orhan Baş бастаған делегация арнайы сапармен келді. Делегация құрамында Орду университетінің проректоры, спортшы Алпарслан Инже де болды.
Кездесу барысында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту, докторантура бағдарламасына оқуға жіберу, Түркия Республикасында шығармашылық емтихандар өткізіп, талапкерлерді факультетіміздің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасына тарту, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру бағыттарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 19–21 қараша аралығында Орду университетімен бірлесіп өткізу жоспарланған IV Халықаралық дене жаттығулары және спорт ғылымдары конгресін (UESBK-2026) ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысында тараптар спорт ғылымдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, академиялық байланыстарды нығайтуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара мүдделілік білдірді.