РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ФАКУЛЬТЕТІМІЗДІҢ 1-КУРС СТУДЕНТІ ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!



Республика күні қарсаңында Спорт факультетінің студенті халықаралық аренада жоғары нәтижеге қол жеткізіп, университетіміздің мерейін үстем етті!
Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен кикбоксингтен Әлем кубогінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Спорт факультетінің «Спорт» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Абрамян Жасмин 65 кг салмақ дәрежесінде топ жарып, Әлем кубогінің жеңімпазы атанды!
Жеңімпаз студентіміз елге оралғаннан кейін Спорт факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің қатысуымен арнайы кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Жасмин халықаралық жарыстан алған әсерлерімен, жеңіске жету жолындағы дайындық кезеңдерімен және спорттық тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында Спорт факультетінің деканы Бағлан Өмірзақұлы Ермаханов қатысушыларды Республика күні мерекесімен құттықтап, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің тарихи маңызына тоқталды.
Сонымен қатар факультет деканы жас чемпионды айтулы жеңісімен құттықтап, оның халықаралық деңгейдегі жетістігі факультет үшін зор мақтаныш екенін атап өтті.