БІРІНШІ КУРС БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ



Бірінші курс білім алушыларына оқу үдерісіне бейімделу, академиялық талаптарды сақтау және университеттің ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мынадай маңызды мәселелерге назар аударылды:
Академиялық адалдық: білім алушыларға оқу тапсырмаларын өз бетінше орындау, емтихан кезінде тәртіп сақтау, көшіруге және академиялық адалдық қағидаттарын бұзуға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.
Емтихан сессиясына дайындық: емтиханға белгіленген уақытта келу, қажетті құжаттарды өзімен бірге алып жүру, бекітілген талаптарды сақтау және емтиханды адал тапсыру жөнінде ақпарат берілді.
Мемлекеттік білім беру гранты: грант негізінде білім алып жатқан білім алушыларға оқу аяқталғаннан кейінгі міндеттері, заңнамада белгіленген талаптар және грантты өтеу тәртібі таныстырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – бірінші курс білім алушыларының жауапкершілігін арттыру, академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру және оқу үдерісіндегі маңызды талаптар туралы толық ақпарат беру.
.png)