Ахмет Ясауи университеті мен Трабзон университеті бірлескен білім беру бағдарламасын іске асырады



Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Қазақстан) мен Трабзон университеті (Түркия) арасында 7M01708 – Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын-түрік) білім беру бағдарламасы бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы іске асырылуда.
Аталған бастама Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, екі университеттің академиялық әлеуетін біріктіруге және халықаралық білім беру байланыстарын дамытуға бағытталған.
Бірлескен білім беру бағдарламасы екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық әріптестікті кеңейтуге, білім беру тәжірибесімен алмасуға және шетел тілдері саласында білікті мамандар даярлау ісін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Бұл маңызды қадам түркі әлеміндегі жоғары оқу орындарының өзара ықпалдастығын арттыруға және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Трабзон университетінің ұжымдарын бірлескен білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Біліммен бірге – жарқын болашаққа!