❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

«Blended Learning in Higher Education» атты ғылыми монография жарық көрді

  • 09.11.2026
  • KZ
  • 53

image

Ғалымдар Зиёда Халматова мен Меруерт Сейітованың авторлығымен дайындалған «Blended Learning in Higher Education» («Жоғары білім берудегі аралас оқыту») атты ғылыми монография жарық көрді. Еңбекте қазіргі жоғары білім беру жүйесіндегі дәстүрлі бетпе-бет оқыту мен цифрлық білім беру ортасын ұштастыру мәселелері ғылыми-педагогикалық тұрғыдан қарастырылған.

Монографияда жоғары білім беру саласында маңызы артып келе жатқан аралас оқыту моделінің теориялық, педагогикалық және әдістемелік негіздері жан-жақты зерттелген. Сонымен қатар дәстүрлі оқыту тәсілдерін цифрлық білім беру технологияларымен кіріктіруге бағытталған заманауи әдістер мен стратегияларға талдау жасалған.

Ғылыми еңбекте қазіргі заманғы тіл оқыту әдістемелері, білім алушылардың оқу стильдері, студентке бағдарланған оқыту тәсілдері, білім алушылардың өздігінен білім алу дағдыларын дамыту және оқу үдерісіндегі өзара әрекеттестікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Сондай-ақ аралас оқыту жағдайында оқытушы мен студент рөлдерінің өзгеруі, тиімді, инклюзивті және тұрақты білім беру тәжірибелерін қалыптастыру жолдары қарастырылған.

Теориялық тұжырымдар мен тәжірибелік ұсыныстарды ұштастырған монография оқытудың инновациялық әдістерін зерттейтін ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы және білім беру саласының мамандары үшін маңызды ғылыми-әдістемелік еңбек болып табылады.

Зиёда Халматова мен Меруерт Сейітованың бірлескен ғылыми еңбегі жоғары білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация мен аралас оқыту технологияларын дамытуға, сондай-ақ осы бағыттағы ғылыми зерттеулердің өрістеуіне үлес қосады деп күтілуде.