ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІ — ГИННЕС РЕКОРДЫНА ЕНГЕН HACKALEM AI 2026 ХАКАТОНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ



ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІ — ГИННЕС РЕКОРДЫНА ЕНГЕН HACKALEM AI 2026 ХАКАТОНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен өткен, қатысушылар саны бойынша Guinness World Records рекордтар кітабына енген HackAlem AI 2026 халықаралық хакатонында Ахмет Ясауи университетінің YASAWI STARTUP бағдарламасының резиденттері HackAlem AI 2026 халықаралық хакатонының қорытындысы бойынша Communication (Коммуникация) бағыты бойынша І орын иеленді. Халықаралық додада қыркүйек айында басталып, бүгін финалдық кезеңнің нәтижесі белгілі болды.
Президентіміз 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, елімізде жасанды интеллект технологияларын дамытуға, цифрлық шешімдерді кеңінен енгізуге және инновациялық жобаларды қолдауға басымдық берді. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі — Астана қаласында ұйымдастырылған HackAlem AI 2026 халықаралық хакатоны.
Іс-шараның негізгі мақсаты — технологиялық идеяларды тәжірибелік жобаларға айналдыру, жас мамандардың әлеуетін ашу және Қазақстандағы жасанды интеллект экожүйесін дамыту.
Хакатон аясындағы іс-шаралар қыркүйек айының соңында өтті. Ал бүгін жарыстың финалдық кезеңінің нәтижелері жарияланды. Осы қорытынды бойынша YASAWI STARTUP командасы Communication бағыты бойынша жеңімпаз атанды.