«Халықаралық қатынастар» кафедрасында студенттердің XXXV ғылыми-теориялық конференциясы өтті
2026 жылдың 11 қараша күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Экономика және басқару факультеті, «Халықаралық қатынастар» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттердің кезекті XXXV ғылыми-теориялық конференциясы (СҒЗЖ) сәтті түрде өтті.
Конференцияның басты мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру, дарынды жас зерттеушілерді анықтау және қолдау, сондай-ақ елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға үлес қосу. Биылғы байқауға «Халықаралық қатынастар» бағыты бойынша 16 студент өз ғылыми жобаларын ұсынып, 5 ғылыми жетекшінің бағыт-бағдарымен өзекті тақырыптарда баяндама жасады. Баяндамалар барысында жаһандық қауіпсіздік, орта державалардың дипломатиясы, қазіргі қақтығыстар және халықаралық санкциялар сияқты маңызды мәселелер көтерілді.
конкурстық комиссия мүшелері студенттердің ғылыми жұмыстарын тыңдап, әділ бағасын берді. Ішінен ең үздік деп танылып, жүлделі орындарға ие болған студенттердің тізімі:
1-орын:
2-орын:
3-орын:
Бүгінгі конференция жас зерттеушілердің шығармашылық әлеуетін көрсетіп, ғылыми ортада еркін ой бөлісетін маңызды платформа болды. Барлық қатысушыларды белсенділігі мен ғылыми ізденістері үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!