«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауы өтті



2026 жылғы 5 қарашада Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетіне қарасты «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауы аясында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша секциялық отырыс өтті.
Секциялық отырыстың негізгі мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын арттыру, ғылыми ізденіс дағдыларын дамыту, зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында қорғау және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Отырыс барысында студенттер мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелерге арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын таныстырып, зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Ұсынылған ғылыми жұмыстар мазмұндық тұрғыдан талқыланып, комиссия мүшелері тарапынан пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Секциялық отырыстың комиссия құрамы төмендегідей болды:
Сонымен қатар, ғылыми отырысқа Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті деканының орынбасары Ш. Алмазұлы қатысып, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау білдірді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауы студенттердің зерттеушілік қабілеттерін шыңдауға, шығармашылық әлеуетін дамытуға, ғылыми ізденіске ынталандыруға және болашақ мамандардың кәсіби-ғылыми құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды ғылыми алаң болды.