«Болашақ тергеушілер» республикалық байқауы: Заң факультеті студенттерінің кәсіби жетістігі!



Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультетінің студенттері «Болашақ тергеушілер» республикалық байқауына қатысып, өздерінің кәсіби білімін, құқықтық сауаттылығын және тергеу саласына деген қызығушылығын көрсетті.
Аталған байқау болашақ заңгерлердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби қабілеттерін шыңдауға және тергеу қызметінің қыр-сырын тереңірек меңгеруге мүмкіндік берді.
Байқау қорытындысы бойынша университет студенттері жоғары бағаланып, жұмысқа шақырту алды. Бұл – олардың ізденісі мен талпынысының, кәсіби әлеуеті мен білімінің лайықты бағалануы.