КƏСІБИ ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАҢА БЕЛЕС: ОҢЛАСЫН ҚАБЫЛОВАНЫҢ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті «Жалпыакадемиялық ағылшын тілі» кафедрасының оқытушысы Қабылова Оңласын Құрманбайқызы 2026 жылғы 26 қазан мен 8 қараша аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Филология факультеті Аударма теориясы мен практикасы кафедрасында кəсіби іс-тəжірибелік тағылымдамадан өтуде.
Аталған тағылымдама – оқытушының кəсіби əлеуетін арттыруға, ғылыми-əдістемелік ізденісін кеңейтуге, заманауи білім беру технологияларын меңгеруге жəне жоғары білім беру саласындағы озық тəжірибелерді зерделеуге бағытталған маңызды кəсіби даму алаңы.
Тағылымдама аясында Оңласын Қабылова «6В02307 – Аударма ісі» жəне «7М02302 – Аударма ісі» білім беру бағдарламалары бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен, аударма теориясы мен практикасын оқытудың заманауи əдіс-тəсілдерімен, инновациялық педагогикалық технологиялармен танысуда. Сонымен қатар кафедраның оқу-əдістемелік қызметін зерделеп, тəжірибелі оқытушылармен кəсіби пікір алмасу, білім беру сапасын жетілдіру мəселелерін талқылау бағытында жұмыстар жүргізуде.
Тағылымдаманың маңызды іс-шараларының бірі ретінде Қабылова Оңласын Құрманбайқызының «Мамандық таңдауда тіл білудің маңыздылығы» тақырыбында семинар өткізуі жоспарланған. Семинар барысында тілдік құзыреттіліктің қазіргі еңбек нарығындағы рөлі, шет тілдерін меңгерудің кəсіби мүмкіндіктерді кеңейтудегі маңызы, көптілді тұлғаны қалыптастырудың өзекті мəселелері қарастырылады.
Оқытушының кəсіби тəжірибесі мен педагогикалық ізденісі білім беру кеңістігіндегі жаңа идеялармен толығып, отандық жоғары оқу орындары арасындағы тəжірибе алмасу үдерісіне өзіндік үлес қосуда. Мұндай тағылымдамалар оқытушының кəсіби құзыреттілігін жетілдірумен қатар, білім беру саласындағы академиялық байланыстарды нығайтуға, озық тəжірибелерді өзара таратуға жəне университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.
Қабылова Оңласын Құрманбайқызының бұл кəсіби сапары – үздіксіз ізденіс, кəсіби даму жəне сапалы білім беру жолындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі. Оның тағылымдама барысында жинақтаған тəжірибесі алдағы уақытта өз университетіндегі оқу үдерісіне енгізіліп, студенттердің тілдік жəне кəсіби құзыреттілігін дамытуға оң ықпал етеді деп күтілуде.
Кəсіби даму – үздіксіз ізденістің нəтижесі, ал сапалы білім – білікті ұстаздың еңбегі!
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті оқытушының кəсіби ізденісіне сəттілік тілеп, академиялық ынтымақтастықтың жаңа белестеріне жол ашады.