❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІ АЛҒАШ РЕТ THE ISR 2027 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГІНЕ ЕНДІ

  • 18.11.2026
  • KZ
  • 76

image

Оқу орнымыз Times Higher Education Interdisciplinary Science Rankings 2027 (THE ISR 2027) пәнаралық ғылыми рейтингінде алғаш рет еніп, 601–800 орындар аралығына тұрақтады.

Times Higher Education мен Schmidt Science Fellows бірлесе әзірлеген рейтингтің үшінші шығарылымы 2026 жылғы 18 қарашада жарияланды. Биыл оған әлемнің 102 елі мен аумағынан 1058 жоғары оқу орны енген.

Interdisciplinary Science Rankings университеттердің түрлі ғылым салаларының тоғысында зерттеу жүргізуге жасайтын жағдайларын және пәнаралық ғылыми жұмыстардың нәтижесін бағалайды. Рейтингте зерттеу үдерісін қолдау, әртүрлі салалардағы ғалымдардың ынтымақтастығы және ғылыми нәтижелердің ықпалы ескеріледі.

Айта кетейік, рейтингтің алғашқы шығарылымы – ISR 2025 нәтижесі 2024 жылғы 21 қарашада жарияланған. Ясауи университеті бұған дейінгі ISR 2025 және ISR 2026 рейтингтеріне ұсынылмаған. Сондықтан оқу ордамыздың THE ISR 2027 тізіміне енуі – пәнаралық зерттеулерді дамыту бағытындағы жұмыстың алғашқы халықаралық нәтижелерінің бірі.

Бұл көрсеткіш университеттің халықаралық ғылыми кеңістіктегі орнын кеңейтіп, пәнаралық зерттеулердің қазіргі деңгейін әлемдік жоғары оқу орындарымен салыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар рейтинг нәтижелері түрлі ғылыми бағыттардағы зерттеушілердің ынтымақтастығын нығайтуға және пәнаралық ғылыми жобалардың нәтижелілігін арттыруға қажетті басымдықтарды анықтауға көмектеседі.

Ясауи университеті алдағы уақытта да ғылым салаларының ықпалдастығын күшейтіп, халықаралық әріптестікті дамытуға және қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми зерттеулерді қолдауды жалғастырады.