❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті үшін қуанышты жаңалық!

  • 19.11.2026
  • KZ
  • 563

image

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы 8D011 – Педагогика және психология (8D01101 – Педагогика және психология) бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін құрылған Диссертациялық кеңесте университетіміздің оқытушысы, Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Бакирова Закира Абужусиповна диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.

Докторант философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Педагогикалық-психологиялық бағыттағы магистранттардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын ұсынды.

Диссертациялық жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕРІ:

  • Абсатова Марфуға Абсатовна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
  • Абдрахманов Асан Эмильевич – психология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
  • Южел Гелишли – PhD, профессор, Гази университеті (Анкара қ., Түркия).

Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің ұжымы Бакирова Закира Абужусиповнаны диссертациялық жұмысын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтайды!

Бұл жетістік – ғалымның көп жылғы ғылыми ізденісі мен кәсіби еңбегінің жемісі. Ғылыми жолыңыздағы маңызды белесіңіз құтты болсын! Философия докторы (PhD) дәрежесін иеленіп, педагогика және психология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарыңызда толағай табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз.

Абыройыңыз асқақтап, ғылыми жетістіктеріңіз еселене берсін! Еңбегіңіз жемісті, алар асуларыңыз биік болсын!