❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Өнер – ұлттың рухани шежіресі!

  • 20.11.2026
  • KZ
  • 330

image

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультетінің студенттері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркем академиясының академигі Оспанов Айнабек Мыңжасарұлының «Түркістанды тану» атты жеке шығармашылық көрмесіне қатысты.

Көрме барысында студенттер Түркістан қаласының тарихи келбеті, рухани құндылықтары мен мәдени мұрасын бейнелейтін шығармалармен танысты. Әрбір туындыдан туған өлкенің тарихы мен ерекшелігін, автордың шығармашылық көзқарасын тануға мүмкіндік алды.

Мұндай мәдени іс-шаралар студенттердің өнерге деген қызығушылығын арттырып, тарихи мұраға құрметпен қарауға және рухани-мәдени танымын кеңейтуге ықпал етеді.