❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Құттықтаймыз! Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті, Тарих кафедрасының докторант Хакан Ас диссертациясын сәтті қорғады

  • 17.11.2026
  • KZ
  • 132

image

2026 жылғы 17 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы 8D016 – Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтерді даярлау (6D011400/8D01601 – Тарих) бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің докторанты Хакан Астың диссертациялық жұмысы қорғалды.

Докторант философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Қоңырқожа Қожықовтың қоғамдық-саяси, шығармашылық қызметі: зерттелуі мен оқу үдерісіне енгізу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын ұсынды.

Диссертациялық жұмыс Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды.

Ғылыми кеңесшілері:

- Тұрсұн Хазретәлі Маханұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан);

- Данияров Талғат – педагогика ғылымдарының кандидаты (Қазақстан);

- Гүлжанат Құрманғалиева-Ержиласун – PhD, профессор (Түркия).

Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің ұжымы Хакан Асты диссертациялық жұмысын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтайды!

Ғылыми ізденіс жолындағы маңызды белесіңіз құтты болсын! Философия докторы (PhD) дәрежесін иеленіп, ғылыми-зерттеу қызметіңізде жаңа жетістіктерге жете беруіңізге тілектеспіз.

Ғылыми жолыңыз жемісті, алар асуларыңыз биік болсын!