ІС-ШАРАНЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ



Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 5 қарашада 15:30:-16:20 арылығында Zoom конференциясы форматында «Қазақстандағы сотқа дейінгі медиация: құқықтық реттелуі, практикасы және өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік іс-шара өткізілді. Іс-шараны кафедраның аға оқытушысы, заң ғылымдарының докторы Тойкин Орымбек Жанахметұлы ұйымдастырып, тақырып бойынша баяндама жасады. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасындағы сотқа дейінгі медиация институтының құқықтық негіздері, оны қолдану практикасы, сондай-ақ медиация рәсімін жүзеге асыру барысында туындайтын өзекті мәселелер қарастырылды.