❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

ПАРА ТАЕКВОНДОШЫ СТУДЕНТІМІЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

  • 23.11.2026
  • KZ
  • 32

image

Университетіміздің Спорт факультетінің 1 курс студенті Қайырғали Юсупбеков пара таеквондодан әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.

Байрақты бәсеке Оңтүстік Корея Республикасының Муджу қаласында өтті.

XI әлем чемпионатында шәкіртіміз 63 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қайырғали Юсупбеков әлемнің үздік спортшылары қатысқан додада Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль салды.

Спортшымызды және оның бапкерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!