Спортшыларымыз Түркістан қаласында өткен КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бокстан ересектер арасындағы ХХХ халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.
Айтулы жарысқа Қазақстанның 15 өңірінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Камбоджа мемлекеттерінен 150-ге жуық боксшы қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша студентіміз Сапарбай Даниял 92 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Ал, Бахтияр Анарбаев 63,5 кг салмақта 2-орынды қанжығасына байлады.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасына қосылған жас спортшы, болашақ студентіміз Аман Қонысбеков 71 кг салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.
Айта кетейік, оқу ордамыз үшін тағы да қуанышты жаңалықтың бірі – Аман Қонысбеков университетімізде екінші жоғары білім алуды жоспарлап, жақында ғана оқуға құжаттарын тапсырды.
Шаршы алаңда бақ сынасып, ел атын асқақтатып жүрген болашақ студентіміз бен өзге де жеңімпаз атанған білімгерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!