Freedom Grants білім гранттарына өтініштер қабылдау басталды

  • 02.08.2024
  • KZ

image

Достар, керемет жаңалық! Бүгін Freedom Grants* білім беру жобасы басталды ✨

Жаңа жоба аясында Freedom Bank университетімізге қосымша білім гранттарын береді. Конкурсқа кемінде 75 балл жинаған үміткерлер қатыса алады.

 

Freedom Bank-тің грантына үміткер болу үшін сізге қажет: 

1) 1 - 13 тамыз – университетіміздің қабылдау комиссиясына өтініш және ҰБТ сертификатын беру;

2) 14 - 18 тамыз – Instagram-да Банктің  парақшасын @bankffin.kz белгілей отырып, #FreedomGrants хештэгімен пост немесе рилс жариялау. Оның ішінде сіз өзіңіз туралы айтып, оқығыңыз келетін университетті атаңыз, неліктен осы немесе басқа мамандықты таңдағаныңызды және өз аймағыңызды қалай жақсартқыңыз келетінін түсіндіруіңіз керек;

3) 21 тамыз – Freedom Grants иегерлері кездейсоқ сандар генераторы арқылы Банктің ресми парақшасында @bankffin.kz тікелей эфирде анықталады.

 

Конкурсқа келесі факультеттердің мамандықтары қатысады:

Әрбір университет жобаға қатысатын факультеттерді тіркеуі керек (университеттің Қорға жазған хатына сәйкес).

 

*Freedom Grants - талапкерлерге арналған байқау және білім беру грантының иегері болу мен еліміздің үздік университеттерінде тегін білім алу мүмкіндігі.

 

✅ Толық шарттарды профиль тақырыбындағы сілтеме немесе grants.freedombank.kz сайтында, сондай-ақ университеттің қабылдау комиссиясында қараңыз.