ОҚУ ОРНЫМЫЗДЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ВИЦЕ-ПРОВОСТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

  • 16.08.2024
  • KZ

image
Оқу орнымыздың басшылығы Назарбаев университетінің Академиялық жоспарлау және бюджет жөніндегі вице-провосты Аида Қыстаубайқызымен кездесті.
 
Кездесуде Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек және ректор Жанар Темірбекова университетіміздің бұрынғы Өкілетті Кеңес мүшесін жаңа лауызымымен құттықтады.
 
Сондай-ақ жиын барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің қолдауымен, университетіміз бен Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі бірлесе әзірлеген «Academic Leadership Institute: Deans' School» атты декандардың кәсіби дамуына арналған жобаның бағдарламасын талқылады.
 
Бұл бағдарламаның мақсаты – қазақстандық жоғары оқу орындары көшбасшыларының кадрлық резервін дайындау. Тыңдаушыларда тұрақты өзгерістер жағдайында факультеттерді тиімді басқаруға, инновациялық тәсілдер мен технологияларды табысты біріктіруге, сондай-ақ этикалық практиканың жоғары стандарттарын қолдауға мүмкіндік беретін құзыреттерді дамыту да көзделеді.
 
Бағдарлама негізінен 9 модульден тұрады:
1. Білім беру сапасын басқару;
2. Білім берудегі академиялық қызмет және инновация;
3. Беруді цифрландыру;
4. Білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқару;
5. Өзгерістер жағдайында көшбасшылық және басқару;
6. Студенттердің жетістіктері;
7. Таланттарды басқару;
8. Зерттеулерді басқару;
9. Институционалдық мәдениет және этика.
 
Оқыту университетіміз бен Назарбаев университетінің кампустарында өтеді. Оқу ордамыздың базасында: «Білім беруді цифрландыру», «Студенттердің жетістіктері» және «Таланттарды басқару» модульдері өтпек.
 
Айта кетейік, «Academic Leadership Institute: Deans' School» бағдарламасы 2024 жылдың қыркүйегінен бастап, желтоқсан айына дейін іске асырылады.