БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТА ЖЕМІС ЖИНАУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

  • 19.08.2024
  • KZ

image
Университетіміздің мақтанышына айналған ботаникалық бақтағы жеміс ағаштарының өнімдерін жинау науқаны қызып тұр. Бұған дейін шие, өрік, алма сынды ерте пісетін маусымдық жемістер жиналса, ендігі кезек алмұрт, жүзім, жаңғақ ағаштарына келді.
 
Дәл қазіргі уақытта арнайы топ алмұрт, жүзім және жаңғақ ағаштарының өнімдерін жинау жұмыстарын бастап кетті. Осы уақытқа дейін жүзімдіктердегі науқан толық аяқталып, өнімді одан әрі өңдеу үшін ботаникалық бағымызда орналасқан Жеміс-жидектерді өңдеу цехіне жіберілді. Ал алмұрт және жаңғақ ағаштарындағы пісіп тұрған дәмді жинау жұмыстары жалғасып жатыр.
 
Айта кетейік, биыл Ботаникалық бақтың құрылғанынан 30 жыл толып отыр. Бұл – университет үшін маңызды мерейтойлық дата. Бүгінде республикалық маңызға ие, 88 гектар аумақты қамтитын бағымызда елімізден және жақын шет елден 59 туыс, 28 тұқымдас, 127 түрлі декоративті, жеміс-жидек, ағаш бұталы және гүлді өсімдіктер интродукцияланып, өңірдің қатал климаттық жағдайына бейімделген коллекциясы жинақталған.