ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ШЕҢБЕРІ КЕҢЕЙЕ ТҮСТІ

  • 20.09.2024
  • KZ

image

Оқу ордамыз бен Түркия Республикасының Бируни университетінің арасында өзара ынтымақтастық меморандумы түзілді.

Аталмыш келісім шартқа оқу ордамыздың ректоры Жанар Темірбекова мен Бируни университетінің вице-ректоры, профессор, доктор Мұстафа Солак қол қойды.

Негізгі мақсат- академиялық және білім беру ісінде ұтқырлық жұмыстарын дамыту мен өзге де салаларда ынтымақтастықты жалғастыру.

Тараптар алдағы уақытта: бірлескен зерттеу жұмыстары мен жарияланымдар, семинарлар мен академиялық кездесулерге қатысу, клиникалық тағылымдамадан өту мақсатында бакалавр немесе жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламасы студенттерінің алмасуы сынды мәселелер бойынша бірлесе жұмыс істеуге келісті.

Кездесуде қос тарап өзара ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.