БИЗНЕС-ИНКУБАТОРЛАРҒА ҚОЛДАУ: МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

  • 27.09.2024
  • KZ

image

Бүгін университетіміз бен Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы арасында өзара ынтымақтастық меморандумы түзілді.

Басты мақсат – университеттегі және өңірдегі бизнес-инкубатор, инновация және технологиялық кәсіпкерлік саласында ынтымақтастық орнату мен дамыту.

Аталмыш келісімге ректор өкілі м.а Наджи Генч пен Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков қол қойды.

Басқосуда сөз бастаған ректор өкілі м.а Наджи Генч:

«Құрметті қонақтар, университетімізге қош келдіңіздер! Сіздермен серіктестік негізін қалағанымызға қуаныштымыз! Стартап жобалар мен IT, инновация сынды т.б. бағыттарды дамыту жолында бірлікте жұмыс істейміз деп сенеміз!»-деді.

Марат Айнабеков те өз кезегінде халықаралық дәрежедегі университетпен ынтымақтастық келісімін орнағанына қуанышты екенін жеткізді. 

Кездесу барысында Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева университеттің түрлі бағыт бойынша болашақ кадрлар даярлаудағы қуаты мен үздік ғылыми жобаларымен таныстырды.

Ал, Коммерцияландыру офисінің директоры Азат Исаков «Yasawi» инкубациялық бағдарламасы туралы ақпараттармен бөлісті.

Тараптар алдағы уақытта: Студенттерді технологиялық бизнес-идеялар мен жобаларды құруға ынталандыруға көмектесетін бірлескен іс-шаралар, лекция мен семинарлар, кездесулер, стартап демалыс күндерін өткізу;  Жастар арасында байқаулар мен бизнес-жобалардың жәрмеңкесін өткізіп, инновациялық бағыттағы үздік бизнес жобаларды іріктеу арқылы оларды жүзеге асыруға қолдау көрсету; Бизнес-инкубаторды дамыту мәселелері бойынша университет қызметкерлері үшін ақпараттық сессиялар, дөңгелек үстелдер және семинарлар өткізу және т.б маңызды істерді жүзеге асыруға келісті.