Университетіміздің спортшы жастары Албания мемлекетінің Тирана қаласында таеквондодан өткен «Albanian Open G1» рейтингілік халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.
25-29 қыркүйек күндері өткен сайыста Қазақстан құрамасы командалық есеппен 1-орыннан көрінді.
Студенттеріміз Аманбол Бегимбетов 63 кг салмақ дәрежесінде, ал Мақсат Орынбасар 74 кг салмақта 2-орынға ие болды. Асқар Өтеген 63 кг салмақ бойынша 3-орынды қанжығасына байлады.
Айтулы додаға спортшыларымызды дайындаған – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ренат Құралбаев.
Ел намысын асқақтатқан спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!