РЕФЕРЕНДУМ: УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ МЕН СТУДЕНТТЕР БЕЛСЕНДІ ДАУЫС БЕРУДЕ

Оқу ордамыздың Мәдениет орталығындағы №133 дауыс беру учаскесі таңғы 07:00-ден азаматтарды қабылдауда.
Маңызды саяси науқанға алғашқылардың бірі болып оқу ордамыздың ректоры Жанар Амангелдіқызы келіп, өз таңдауын жасады.
Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бастаған жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен қызметкерлері №133 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді.
Университетіміздің оқытушылары мен қызметкерлері де ел үшін маңызды оқиғадан шет қалмады.
Референдумға дауыс беріп жатқан студенттер қатары да көп. Алғашқы боп келген студенттер арнайы сыйлыққа ие болды.
Осылайша, әр азамат өз таңдауын жасап, конституциялық құқығын жүзеге асыруда.
Референдумның әділ, әрі заң шеңберінде өтуін бақылаушылар мұқият қадағалап отыр. Дауыс беру учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.
Айта кетейік, азаматтардың дұрыс таңдау жасап, дауыс беруі үшін барлық жағдай қарастырылған.