«BIR TOLQYNDA» ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Айтулы жиында белсенді студенттермен 6-қазан күні өткен Атом электр станциясын салу бойынша референдум қорытындысы талқыланды.
«Bir Tolqynda» диалог алаңының негізгі мақсаты – жастар мен ашық пікір алмасу және жаңа идеяларды талқылау.
Іс-шарада әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов пен «Жастар Рухы» Жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман ашық сұхбат жүргізді.
Еділ Төлегенов: «6-қазан күні көп болып Референдумда дауыс бердік. Студенттеріміз де белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады. 18-ге толған студенттердің берген дауысы – мемлекетке тигізген пайдасы, ең алғашқы қадамы деп ойлаймын. Сондықтан, республикамыздың ертеңі үшін таңдау жасап, жауапкершілік танытқан жастарымызға алғыс білдіреміз!»,-деді.
Жиын барысында мемлекет үшін аса маңызды қадамның бірі – АЭС салу ісі, оның экономикаға тигізер оң әсерлері сөз болды.
Кездесу соңында студенттер сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты.