ШӘКІРТІМІЗ - СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

  • 10.10.2024
  • KZ

image

Халықаралық университетіміздің сан-салалы жетістіктері еселенуде. Қоржынымыз тағы бір толымды табыспен толықты. Студентіміз Анель Асилбек «MISS TURKISTAN-2024» сұлулық байқауының бас жүлдесін иеленді.

Анель – арман қанатында бойжеткен ару. Тұмса табиғатқа бай Төлеби ауданында дүниеге келген. Жасынан өнер мен спортқа қызығып, жан-жақты қабілетімен дараланған. Бейне-фото түсірілімдерге ерте назар аударып, бұл ерекше салаға ерте қадам басқан. 

Анель үшін сұлулық әлемінің жөні бөлек, бағасы биік! Арманшыл жас сиқырлы әлемге өзгеше іңкәрлікпен қарайды. Осы бағытта тынбай ізденеді. Табанды еңбегі табысқа жетелеп, кіл жүйрік арасында топ жарды! «Түркістан аруы-2024» сұлулық байқауында жеңіске жетіп, басын тәж тақты.

Енді шәкіртіміз «Қазақстан аруы-2024» байқауына Түркістан қаласының атынан қатысады. 

Анель Асилбек — Спорт және өнер факультетінің «Дене мәдениеті» кафедрасының студенті. Сан түрлі қабілетке ие студентіміз — баскетболдан спорт шебері. Спорт саласында да жетістіктері аз емес. 

Шәкіртіміздің жеңісі – баршамыздың жетістігіміз! Анель аруды шын жүректен құттықтап, алдағы байқауларда сәттілік пен жеңіс тілейміз!