ПЛАГИАТТЫҢ АЛДЫН АЛУ ӘДІСТЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

  • 18.10.2024
  • KZ

image

Бүгін оқу ордамызда Strike Plagiarism компаниясының өкілі Ақмарал Кужиеваның қатысуымен семинар өтті.

Жиынға университетіміздің ОПҚ құрамы және Ғылым департаменті мен Академиялық департамент мамандары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – ғалымдар мен студенттерге плагиаттың алдын алу және жасанды интеллект құралдарын дұрыс пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Айта кетейік, StrikePlagiarism.com – плагиатқа қарсы академиялық жүйе, плагиат іздеудің, көшіріп алу көзін талдаудың және автордың кері байланысының тиімді құралы.

Семинар барысында Ақмарал Кужиева: Плагиатты және жасанды интеллект контентін анықтау, Ғылыми және конкурстық жұмыстарды жазуда жасанды интеллектті дұрыс пайдаланбау мәселелері, StrikePlagiarism.com жүйесіндегі плагиат туралы есеп беру, Плагиаттың алдын алу үшін жұмыстарды рәсімдеу бойынша ұсыныстар сынды т.б маңызды ақпараттарды жеткізді.

Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.