ОҚУ ОРДАМЫЗҒА ҚОНАҚҚА ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КЕЛДІ

  • 12.02.2024
  • KZ

image

Бүгін университетімізге Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің қызметкерлері арнайы келді.

Ең алдымен Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдығының Бас консулы Дилшод Собиров пен Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінен елші көмекшісі Жавохир Турсинов оқу ордамыздың ректоры Жанар Темірбековамен кездесті.

Келесі кезекте, қонақтар Өзбекстандық студенттермен басқосу өткізді.

Жиында Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Фурхат Дадажанов қонақтарға оқу ордамыздың тарихы мен жетістіктері, білімгерлерге ұсынар мүмкіндіктері, қазақстандық және шетелдік студенттер жайында ақпараттармен таныстырды.

Ал, қонақтар студенттерге консулдықтың қызметі, миграция, көші-қон туралы т.б тақырыптарда кеңінен баяндады.
Жиын соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, пікір алмасты.