СТУДЕНТІМІЗ МИНИСТРДІҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

  • 21.10.2024
  • KZ

image

Университетіміздің студенті Жібек Жорабай «Coursera» платформасындағы үздік нәтижесі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолынан Алғыс хат алды.

ҚР ҒжЖБМ -нің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті және BMG UpSkill бірлескен «Coursera» платформасында білім алушылардың үлгерімін талдау қортындысын жариялаған еді. Нәтижесінде шәкіртіміз Жібек Жорабай жоғары нәтиже корсеткен студенттердің қатарынан көрінді.

Студентіміздің бұл жетістігін министрлік бағалап, арнайы марапаттауға шешім қабылданды. Марапатты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана қаласында өткен «Connected 2024: Innoveate. Educate. Elevete» конференциясында табыстады.

«Connected 2024» атты ауқымды іс-шара – мәдениет пен философия, табиғи үйлесім мен адами құндылықтар, технологиялар мен инновацияларға ғаламдық көзқараспен қарау арқылы болашақ бейнесін түсіну туралы халықаралық конференция. Оған әлемнің 20-дан астам елінен 1500-ге жуық делегат қатысты. Осылайша, шәкіртіміз конференцияға жиналған көпшіліктің алдында құрметке бөленді.

Айта кетейік, Жібек Жорабай – Теология факультетіне қарасты Дінтану кафедрасының 2-курс студенті.

Студентіміздің жарқын жетіктігімен құттықтай отырып, алдағы жоспарларына сәттілік тілейміз!