Университетіміздің білімді жастары Медицина ЖОО студенттерінің арасында өткен «От учения Абу Али Ибн Сина –до третьего Ренессанса» атты IV Халықаралық олимпиадасында жеңімпаз атанды.
Айтулы олимпиада – 26-27 қантар күндері Бухара мемлекеттік медицина институтында өтті.
Басты мақсат – студенттердің медицинаның әртүрлі салаларына деген қызығушылығы мен осы саладағы білімдері мен дағдыларын арттыру, студенттердің оқуға ғылыми және шығармашылық көзқарастарын насихаттау.
Білікті де білімді студенттердің жарысында жеңіске жеткен білімгерлеріміз:
5 курс студенттері:
Инфекциялық аурулар пәні бойынша Розокулова Доно – ІІІ дәрежелік дипломы. Жетекшісі: профессор Молдалиев Ы.С.;
ЛОР пәні бойынша Полат Бейбарыс - І дәрежелік дипломы. Жетекшісі: профессор Молдалиев Ы.С.;
Дерматология пәні бойынша Темир Аружан – ІІ дәрежелік дипломы. Жетекшісі: проф. Ишигов И.А.;
Патанатомия пәні бойынша Байқадам Арайлым - ІІ дәрежелік дипломы Жетекшісі: м.ғ.к., аға оқытушы Татыкаева У.Б.;
Ішкі аурулар пәні бойынша Асанов Айбек – ІІІ дәрежелік дипломы. Жетекшісі: м.ғ.к., аға оқытушы Мамутова А.Е.
4 курс студенттері:
Патофизиология пәні бойынша Мустахым Самат - ІІ дәрежелік дипломы Жетекшісі: м.ғ.к.,аға оқытушы Татыкаева У.Б.
3 курс студенттері:
Физиология пәні бойынша Оңдасын Қарақат - І дәрежелік дипломы. Жетекшісі: профессор Ишигов И.А.
2 курс студенттері:
Манипуляция курсы пәні бойынша Эйбов Эиб - ІІІ дәрежелік дипломы Жетекшісі: м.ғ.к., қауым.профессор Нускабаева Г.О.
Халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанған студенттеріміз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!