Студенттеріміз «Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ 45 жылдығына арналған II Халықаралық жас ғалымдар мен студенттер форумы аясында өткен ғылыми конференцияларда жеңімпаз атанды.
Жас ғалымдар форумы – бұл әртүрлі елдердің ғылыми қызметкерлері, ғалымдары мен білім алушылары арасында білім, дағды, тәжірибе алмасуға бағытталған коммуникациялық алаң.
Форум аясында өткен «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» атты ХІ ғылыми конференцияда студентіміз Саймасай Сабина 3-орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі – м.ғ.к., м.а доцент Кумисай Бабаева.
Сонымен қатар, өзге де білімгерлеріміз әр түрлі секциялар бойынша өткен сайыстан жүлделі орындарды жеңіп алды. Олар:
Эйб Эйбов – клиникалық секция бойынша 3-орын. Ғылыми жетекшісі – м.ғ.к., доцент Гүлназ Нұсқабаева.
Хамид Ергашев – клиникалық секция бойынша 3-орын. Ғылыми жетекшісі – м.ғ.к., доцент Мурат Жунисов.
Наржан Құрышұлы – клиникалық секция бойынша 3-орын. Ғылыми жетекшісі – аға-оқытушы Ербол Тулежанов.
Көп ішінен топ жарған білімді жастарымыз бен ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз!