СТУДЕНТТЕР СПАРТАКИАДАСЫ АЯҚТАЛДЫ

  • 23.10.2024
  • KZ

image

Бүгін оқу ордамыздың студенттері арасындағы факультетаралық XXXIII-ші дәстүрлі спартакиаданың жабылу салтанаты өтті.

Факультетаралық спартакиаданың мақсаты – студент жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау, спорт түрлерінен университет құрама командасын жасақтау.

Спартакиаданың жабылу салтанатында сөз сөйлеген Әлеуметтік-мәдени даму мәселелер вице-ректоры Еділ Төлегенов спорттық додаға белсене қатысқан барлық студенттерге алғыс білдірді.

Айта кетейік, 9 команда баскетбол, волейбол, қол күресі, кіші футбол, үстел теннисі, арқан тарту, жүгіру, эстафеталық ойын спорт түрлерінен өзара сайысқа түсті.

Жарыс нәтижесінде командалық есепте I орынды «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі жеңіп алды. Ал II орынды «Филология» факультеті иеленсе, III орын «Кентау кампусына» бұйырды.

Сонымен қатар, спорттық кезеңдерде үздік ойын көрсеткен студенттер де арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

Студент жастарды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттайтын спорттық ойындар алдағы уақытта өз жалғасын табады.