ОҚУ ОРДА ТӨРІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ ШЫРҚАЛДЫ

Бір ортаға тоғысқан оқу орда ұжымы мен студенттер әнұран шырқап, көк туды желбіретті. Тәуелсіздіктің алғашқы қадамы болған айтулы күнді ұлықтады.
Челленджге ректор Жанар Темірбекова мен әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов те қатысты.
Ректор Жанар Темірбекова: «Құрметті оқытушылар мен студенттер! Баршаңызға Республика күні құтты болсын! Біз сіздермен бірігіп, маңызды мереке қарсаңында, осы алаңда тәуелсіздігіміздің символы болған көк байрағымызды көтеріп, әнұранымызды шырқадық.Әрбіріңізді бойыңызда елге, жерге деген патриоттық сезім жоғары екеніне сенімдімін. Осы тұста, сіздерге айтар алғысым шексіз! Егемен ел атанған күніміз құтты болсын!»,-деді.