БІЗДІҢ ТҮЛЕК – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!

  • 12.02.2024
  • KZ

image

Университетіміздің түлегі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды. Роман Төреханов 1982 жылы 17 ақпанда дүниеге келді. Ол – оқу орнымыздың 2002 жылғы түлегі, «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. 2004 жылы университетімізде «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтады.
Университеттегі оқу кезеңінде әскери кафедраны бітірген. Роман Алмаханұлы әр жылдары Түркістан қаласындағы Олимпиадалық резерв мектебінде жаттықтырушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметінде түрлі офицерлік және басшылық лауазымдар, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Университет ұжымы атынан Роман Алмаханұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, жұмысына сәттілік пен табыс тілейміз! Біз түлегімізді мақтан тұтамыз!